О возобновлении действия регистрационных удостоверений некоторых лекарственных средств
Кейбір дәрілік заттарды тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 1-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрықтың қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы қайта қалпына келтірілсін.
- «Кейбір дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) төрағасының міндетін атқарушының 2023 жылғы 9 маусымдағы № 210-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
- Комитеттің фармацевтикалық қызметті бақылау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы осы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір күннің ішінде жазбаша (еркін) нысанда Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, медициналық бұйымдардың тіркеу куәлігінің иесіне және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына хабарласын.
- Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1) қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, басқа да мемлекеттік органдарға (құзыреті бойынша) медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтатуды алып тастау туралы хабарлауды;
2) қосымшаға сәйкес медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтатуды алып тастау туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруды қамтасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2023 жылғы 25 шілдедегі қаулысы № 6001-23-00-3гп/276.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және
фармацевтикалық бақылау
комитетінің төрағасы Н. Ысқақов