|
«Производственно-фармацевтическая компания «ЭЛЕАС» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
Тиісті өндірістік практика стандартының (GMP) талаптарына сәйкестігіне кейбір сертификаттарды кері қайтарып алу туралы
|
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 244-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 22143 болып тіркелген) Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялау жүргізу қағидаларының 38-тармақтың
1) тармақшасына, 43-тармақтың 4) тармақшасына және
44-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа «Производственно-фармацевтическая компания «ЭЛЕАС» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Элеас ЖШС) Тиісті өндірістік практика стандартының (GMP) талаптарына сәйкестігіне кейбір сертификаттар қосымшаға сәйкес кері қайтарып алынсын:
- Элеас ЖШС-нің кері қайтарып алынған сертификаттарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) сертификатты кері қайтарып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде қайтарсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің төраға орынбасары Л. Р. Қашқымбаевқа жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі:
1) Элеас ЖШС-нің 2023 жылғы 15 тамыздағы ауытқу Хаттамасы;
2) Элеас ЖШС-нің фармацевтикалық инспекция жүргізу туралы есеп 2023 жылғы 31 тамыздағы №18-1.-25/724-И хаты.
Төраға Н. Искаков
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитеті төрағаның
2023 жылғы «____» ____________
№ ____ бұйрығына қосымша
«Производственно-фармацевтическая компания «ЭЛЕАС»
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Тиісті өндірістік практика стандартының (GMP) талаптарына сәйкестігіне
кері қайтарып алуға жататын кейбір сертификаттары
- Сертификат 11.05.2021 ж. № 43 Дәрілік заттардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сәйкестігін растайтын, қатты дәрілік нысандарды өндіру бойынша желісі, №2 фармацевтикалық цех, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, Өнеркәсіптік аймағы, 71-разъезд, құрылым 60А мекенжайы бойынша, Тиісті өндірістік практика стандартының (GMP);
- Сертификат 01.07.2021 ж. № 62 Дәрілік заттардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сәйкестігін растайтын, өндірістік алаң Стерильді дәрілік заттарды шашып бөліп салу өндірістік учаскесі, №1 цех, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, Өнеркәсіптік аймақ, 71-разъезд, №60А құрылысы мекенжайы бойынша, Тиісті өндірістік практика стандартының (GMP);
- Сертификат 01.07.2021 ж. № 63 Дәрілік заттардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сәйкестігін растайтын, қатты дәрілік заттарды өндіру өндірістік учаскесі, №4 цех өндірістік алаң, Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті, Өнеркәсіптік аймақ, 71-разъезд, №60А құрылысы мекенжайы бойынша, Тиісті өндірістік практика стандартының (GMP).
Согласовано
01.09.2023 20:47 Жекеева Асель Касмукановна
01.09.2023 21:15 Кабденов Алишер К
01.09.2023 21:17 Тулешов К.А.
Подписано
04.09.2023 21:34 Искаков Нұрлан Зайкешұлы