№ 33-Қ от 18.08.2023 Дәрілік затттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы

Дәрілік затттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген)
3-тармақтарының 1), 4) және 8) тармақшаларына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар),
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес тіркеу дәрілік заттарды куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұрылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін, дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін ұстаушын және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын
    (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамға және «СҚ-Фармация» Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21836 болып тіркелген) 10 және
    11-тармақтарына сәйкес, дәрілік заттарға берілген сәйкестік сертификаттарының қолданысын тоқтата тұрсын.

Хабарлама келіп түскеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) жұмыс күн ішінде Комитетке және Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне зертханалық сынақтар жүргізу үшін қажетті дәрілік заттар үлгілерінің көлемінің есептері берілсін.

  1. Комитеттің аумақтық бөлімшелері хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Қағидалардың 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес дәрілік заттардың үлгілерін алып қоюды жүзеге асырсын.
  2. Сараптама ұйымы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес алынған дәрілік заттардың үлгілеріне зертханалық сынақтар жүргізсін.

Алынған нәтижелер туралы Комитетке қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде хабарлансын.

  1. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын, өзге де мемлекеттік органдарды (құзыреттері бойынша), дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге хабарлау (жазбаша еркін нысанда);

2) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ 7-тармақ бойынша ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Дәрілік заттардың айналысы саласындағы субъектілерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы
    № ҚР ДСМ-19 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) 24-тармағына сәйкес Комитеттің аумақтық бөлімшесіне хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде тиісті ақпарат дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидалары жіберілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: Комитеттің фармацевтикалық инспекторат және интеграция басқармасының 2023 жылғы 18 тамыздағы № -0/21551-вн қызметтік жазба, «Элеас» ПФК» ЖШС инспекциялау нәтижелері бойынша 2023 жылғы 15 тамыздағы Ауытқуылар хаттамасы, Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2023 жылғы 16 тамыздағы № 15-05-689/И хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитетінің

Төраға орынбасары –

Қазақстан Республикасы

Бас мемлекеттік

фармацевтикалық инспекторы                                  Л. Қашқымбаева

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік фармацевтикалық

инспекторының

2023 жылғы ____ тамыздағы

№ _____ қаулысына

қосымша

 

Тоқтата тұруға жататын дәрілік заттардың тізбесі

 

№

р/н

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Медициналық бұйымның атауы

Өндіруші, ел

1.

ҚР-ДЗ-0№025797

Ибрутиниб, Капсулалар, 140 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

2.

ҚР-ДЗ-0№025798

Трабектедин, Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 1 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

3.

ҚР-ДЗ-5№025271

Гидроксикарбамид-Элеас, капсулалар, 500 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

4.

ҚР-ДЗ-5№022303

Эртапенем-Элеас, Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 1 мг

«ПФК «Элеас», ЖШС,  Қазақстан

5.

ҚР-ДЗ-5№022299

Ванкомицин-Элеас, Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 1 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

6.

ҚР-ДЗ-5№024947

Вератиниб, Үлбірлі қабықпен қапталған 250 мг таблеткалар

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

7.

ҚР-ДЗ-5№024924

Аферолимус, Таблеткалар, 5 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

8.

ҚР-ДЗ-5№024925

Аферолимус, Таблеткалар, 10 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

9.

ҚР-ДЗ-5№024887

Велкозомиб, Вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 1.0 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

10.

ҚР-ДЗ-5№024804

Бозентан, Үлбірлі қабықпен қапталған 125 мг таблеткалар

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

11.

ҚР-ДЗ-5№024528

Велкозомиб, Вена ішіне және тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 3.5 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

12.

ҚР-ДЗ-5№024408

Леналидомид, Капсулалар, 7,5 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

13.

ҚР-ДЗ-5№024405

Леналидомид, Капсулалар, 2,5 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

14.

ҚР-ДЗ-5№024406

Леналидомид, Капсулалар, 25 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

15.

ҚР-ДЗ-5№024407

Леналидомид, Капсулалар, 10 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

16.

ҚР-ДЗ-5№024402

Леналидомид, Капсулалар, 20 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

17.

ҚР-ДЗ-5№024403

Леналидомид, Капсулалар, 15 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

18.

ҚР-ДЗ-5№024404

Леналидомид, Капсулалар, 5 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

19.

ҚР-ДЗ-5№024338

Зигитерон, Таблеткалар, 250 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

20.

ҚР-ДЗ-5№023337

ТемоЭл, Капсулалар, 250 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

21.

ҚР-ДЗ-5№023338

ТемоЭл, Капсулалар, 180 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

22.

ҚР-ДЗ-5№023339

ТемоЭл, Капсулалар, 140 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

23.

ҚР-ДЗ-5№023340

ТемоЭл, Капсулалар, 100 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

24.

ҚР-ДЗ-3№019977

Цефепим – Элеас, Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 1,0 г ұнтақ

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

25.

ҚР-ДЗ-3№019978

Цефтазидим – Элеас, Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 1,0 г ұнтақ

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

26.

ҚР-ДЗ-3№019980

Имицил – Элеас, Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 500 мг/500 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

27.

ҚР-ДЗ-3№019976

Супероцеф – Элеас, Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 2 г

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

28.

ҚР-ДЗ-3№019979

Дорипенем – Элеас, Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 500 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

29.

ҚР-ДЗ-3№019973

Меропенем – Элеас, Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1.0 г

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

 

 

Согласовано

18.08.2023 18:23 Кулшанов Эрик Каиргалиевич

Подписано

18.08.2023 18:24 Кашкымбаева Лязят Рсымбековна

№ 33-Қ от 18.08.2023 Дәрілік затттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы
Дата публикации
22 августа 2023