№ 31-Қ от 02.08.2023 Дәрілік затттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы

 

Дәрілік затттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген)
3-тармақтарының 1) және тармақшына сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар),
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес тіркеу дәрілік заттарды куәліктерінің қолданылуын № 230000041000041 қылмыстық іс бойынша сот шешімі шығарылғанға немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешім қабылданғанға дейін тоқтата тұрылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін, дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін ұстаушын және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын
    (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамға және «СҚ-Фармация» Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.
  3. Сараптама ұйымы осы шешімді алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21836 болып тіркелген) 10 және
    11-тармақтарына сәйкес, дәрілік заттарға берілген сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұрсын.

Хабарлама келіп түскеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) жұмыс күн ішінде Комитетке және Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне зертханалық сынақтар жүргізу үшін қажетті дәрілік заттар үлгілерінің көлемінің есептері берілсін.

  1. Комитеттің аумақтық бөлімшелері хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Қағидалардың 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес дәрілік заттардың үлгілерін алып қоюды жүзеге асырсын.
  2. Сараптама ұйымы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес алынған дәрілік заттардың үлгілеріне зертханалық сынақтар жүргізсін.

Алынған нәтижелер туралы Комитетке қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде хабарлансын.

  1. Комитеттің аумақтық бөлімшелері осы шешім туралы ақпаратты алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын, өзге де мемлекеттік органдарды (құзыреттері бойынша), дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге хабарлау (жазбаша еркін нысанда);

2) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

3) Комитетке осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты, сондай-ақ 7-тармақ бойынша ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Дәрілік заттардың айналысы саласындағы субъектілерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы
    № ҚР ДСМ-19 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларының 24-тармағына сәйкес Комитеттің аумақтық бөлімшесіне хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде тиісті ақпарат дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидалары жіберілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
2023 жылғы 28 шілдедегі № 9/19238 хаты.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

Медициналық және фармацевтикалық

бақылау комитетінің

Төраға орынбасары –

Қазақстан Республикасы

Бас мемлекеттік

фармацевтикалық инспекторы                                  Л. Қашқымбаева

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік фармацевтикалық

инспекторының

2023 жылғы ____ тамыздағы

№ _____ қаулысына

қосымша

 

Тоқтата тұруға жататын дәрілік заттардың тізбесі

 

№

р/н

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Медициналық бұйымның атауы

Өндіруші, ел

1.

ҚР-ДЗ-5№024978

Ксавобан, Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 20 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

2.

ҚР-ДЗ-5№024966

Ксавобан, Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 2,5 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

3.

ҚР-ДЗ-5№024965

Ксавобан, Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг

«ПФК «Элеас» ЖШС, Қазақстан

4.

ҚР-ДЗ-5№024964

Ксавобан, Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 15 мг

«ПФК «Элеас», ЖШС,  Қазақстан

 

 

Согласовано

02.08.2023 17:18 Кулшанов Эрик Каиргалиевич

Подписано

02.08.2023 17:28 Кашкымбаева Лязят Рсымбековна

 

№ 31-Қ от 02.08.2023 Дәрілік затттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы
Дата публикации
07 августа 2023