Хаттама
ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау
Ақмола облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
Көкшетау қ. 2023 ж. 27 шілде
Төрағалық етуші: Тезекбаева А.Т. медициналық қызметті сертиикаттау және лицензиялау бөлімінің басшысының м.а.
Қатысқандар: Шериязданов А.С. фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға мониторингі бөлімінің басшысы; Вдовина Л.В. фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы; Уразова Б.К. медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы; Әділбекова З.А. жеке тұлға, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет ардагері.
Күн тәртібі
Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін
ішкі талдау нәтижелері
СЖТД нәтижелерін талқылауды Тезекбаева А.Т. ашып, жиналғандардың барлығын қарсы алып, іс-шараға қатысушыларды таныстырды.
Ақмола облысы бойынша МФБКД қызметінде ағымдағы жылы 2023 жылғы 1 жартыжылық кезеңінде СЖТД өткізілді. СЖТД «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 16.01.2023 жылғы №21 бұйрығына сәйкес жүргізілді;
Жария талқылау барысында ұсыныстар түскен жоқ.
ШЕШТІ:
Бірауыздан қабылданды, Департамент қызметіндегі СЖТД нәтижелерін көпшілік талқылау аяқталды.
Төраға А.Тезекбаева