«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбеде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қызметті жүзеге асыру үшін жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) Тізбенің 8-тармағында белгіленген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «www.egov.kz», «www.elicense.kz» (бұдан әрі –портал) жібереді.»;
8,9,10-тармақтарын мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» веб – порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының (құжат иесінің) келісімі болған кезде, іске асырылған интеграция (бұдан әрі – сервис) арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде мәліметтерді алады:
Қызметті беруші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған деректерге сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша медициналық немесе фармацевтикалық қызметке тыйым салу немесе тыйым салынбау туралы (сервисте болған жағдайда).
Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды (еркін нысанда) береді.
1)портал арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – келісуші орган) медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді келісу туралы сұрау салу жібереді;
2) ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тәртіп бойынша тыңдау жүргізеді;
3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес медициналық қызметті жүзеге асыруға алғаш өтінім берілген өндірістік базада рұқсат беру бақылауын (лицензия берілгенге дейін) жүргізеді.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Рұқсаттық бақылау барысында (өндірістік базаға барған кезде) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына, оның ішінде Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтер бойынша сәйкестігін тексереді. »;
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
«21-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген«Медициналық қызметке лицензия беру» қағидаларының осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
|
А. Ғиният |