2026 жылдың 2 тоқсаны бойынша фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімі көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы есеп

2026 жылдың 2 тоқсаны бойынша фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімі көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы есеп

Қазақстан Республикасы Департаментінің қолданыстағы Ережесіне сәйкес, фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімі өз құзыреті шегінде келесі функцияларды жүзеге асырады:

  1. Фармацевтикалық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар беру;
  2. Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар беру;
  3. Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжаты) беру;
  4. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маман сертификатын беру.

2026 жылдың 2 тоқсаны ішінде фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімі «электрондық үкімет» веб-порталдары (www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша электрондық форматта 36 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:

  • фармацевтикалық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар берілді – 10;
  • фармацевтикалық қызметке лицензиялар мен қосымшалар қайта ресімделді – 2.

Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар беру бойынша – 2 мемлекеттік қызмет, оның ішінде:

  • лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар берілді – 1;
  • лицензиялар мен қосымшалар қайта ресімделді – 1;

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маман сертификатын беру бойынша – 22 мемлекеттік қызмет, оның ішінде:

  • сертификаттар берілді – 15;
  • негізделген бас тарту – 7.

Халықтың мемлекеттік қызметтер және бөлімнің қызметі туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру мақсатында 2026 жылдың 2 тоқсаны ішінде Департаменттің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде 13 жарияланым жарияланды. Сонымен қатар, фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында тікелей эфир өткізілді.

Бөлім мамандары фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндірме алу үшін жүгінген 2 азаматқа консультациялық көмек көрсетті, сондай-ақ телефон арқылы жүгінген 22 қызмет алушыға консультациялар берілді. Халықты ақпараттандыру және консультациялық көмек көрсету жұмыстары жүйелі негізде жалғастырылатын болады.

 

 

Дата публикации
30 июня 2026