Қазақстан Республикасы Департаментінің қолданыстағы Ережесіне сәйкес, фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімі өз құзыреті шегінде келесі функцияларды жүзеге асырады:
2026 жылдың 1 тоқсаны ішінде фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімі «электрондық үкімет» веб-порталдары (www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы жоғарыда көрсетілген қызметтер бойынша электрондық форматта 42 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар беру бойынша – 6 мемлекеттік қызмет, оның ішінде:
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы маман сертификатын беру бойынша – 28 мемлекеттік қызмет, оның ішінде:
Халықтың мемлекеттік қызметтер және бөлімнің қызметі туралы ақпараттандырылу деңгейін арттыру мақсатында 2026 жылдың 1 тоқсаны ішінде Департаменттің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде 10 жарияланым жарияланды, оның ішінде 2025 жылға арналған көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы жылдық есеп бар. Бөлім мамандары фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндірме алу үшін жүгінген 2 азаматқа консультациялық көмек көрсетті, сондай-ақ телефон арқылы жүгінген 24 қызмет алушыға консультациялар берілді. Халықты ақпараттандыру және консультациялық көмек көрсету жұмыстары жүйелі негізде жалғастырылатын болады.