⚠️ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЕМЕС МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті кәмелетке толмағандар арасында мас ететін әсер алу мақсатында «Корвалол» дәрілік препаратын медициналық емес мақсатта тұтыну деректерінің таралғаны туралы хабарлайды.
Дәрілік заттарды медициналық емес мақсатта пайдалану балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты Департамент дәріхана ұйымдарының басшыларын және фармацевтикалық қызметкерлерді келесіге шақырады:
🔹 Аталған ақпаратты барлық дәріхана қызметкерлеріне жеткізу.
🔹 Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның ішінде «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларының» 16-2-тармағының ережелерін қатаң сақтау (аталған тармаққа сәйкес дәрілік заттар балаларға сатылмайды).
🔹 Қызметкерлермен бірлесе отырып, дәрілік препараттарды, соның ішінде «Корвалолды» медициналық емес мақсатта пайдаланудың қауіптілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
🔹 Кәмелетке толмағандардың дәрілік заттарды медициналық емес мақсатта сатып алуына негізделген күдік туындаған жағдайда, өз құзыреті шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдау.
Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі — бәрімізге ортақ жауапкершілік!
Фармацевтикалық қызметкерлерді қырағылық танытып, дәрілік заттарды босатуға жауапкершілікпен қарауды сұраймыз.
💊 Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын кезең-кезеңімен ырықтандыру шеңберінде құны 1 АЕК-ке дейінгі, яғни 4 325 теңге болатын дәрілік заттарды мемлекеттік баға реттеу жүйесінен шығаруда.
✅ Бұл шара бәсекелестікті дамытуға, дәрілік заттардың ассортиментін кеңейтуге және олардың халық үшін қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Нәтижесінде 1 200-ден астам дәрілік заттың бағасы нарықтық тетіктердің негізінде қалыптастырылатын болады.
Бағасы төмен дәрілік заттарды мемлекеттік баға реттеуінен шығару нарық қатысушыларына сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, бағаны өз бетінше қалыптастыруға мүмкіндік береді.
📝 Бағаларды кезең-кезеңімен ырықтандыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 4 қыркүйектегі №105 бұйрығымен көтерме және бөлшек саудада өткізу кезінде бағасы реттелуге жататын дәрілік заттар тізбесіне өзгерістер енгізілді.
Жаңартылған тізбеге сәйкес мемлекеттік баға реттеуіне жататын позициялардың саны 3 039-дан 1 827-ге дейін қысқартылды.
Осылайша, мемлекеттік реттеу неғұрлым нысаналы сипатқа ие болып, халық үшін қолжетімділігін қосымша қорғауды қажет ететін дәрілік заттарға шоғырландырылады.
Дәрілік заттардың бір бөлігін нарықтық баға белгілеу тетіктеріне көшіру фармацевтикалық нарық мониторингін күшейтумен қатар жүргізіледі.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, бағаларды мониторингтеу және бақылау тетіктерін, оның ішінде тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы жетілдіру мәселесін пысықтауда.
Цифрлық құралдар дәрілік заттардың қозғалысын қадағалауға және олардың айналымының әртүрлі кезеңдеріндегі нақты бағаларды талдауға мүмкіндік береді.
Бұл бағаның негізсіз өсуінің ықтимал белгілерін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.
2024 жылғы шілдеде міндетті таңбалау енгізілгеннен бері жүйе арқылы шамамен 1,1 млрд қаптама дәрілік зат өткізілді.
🤝 Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар үшін дәрілік заттардың баға тұрғысынан қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырады.
🔹 Дәрілік заттардың белгіленген шекті бөлшек сауда бағасының асып кеткен фактілері анықталған жағдайда, DariKZ мобильдік қосымшасы арқылы растайтын материалдарды (тауар чегі мен дәрілік заттың қаптамасын) қоса тіркеп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне өтініш жіберуге болады.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Департаментте Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шара өтті
Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында Департамент қызметкерлері еліміздегі тілдердің алуан түрлілігі мен мәдени мұраға арналған тақырыптық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында қызметкерлер тақырыптық баяндамалар жасап, мемлекеттік тілдің тарихы мен маңызы туралы айтып, Қазақстанның тілдері мен мәдениеті туралы қызықты мәліметтермен бөлісті.
Іс-шара тілдерді құрметтеудің, мәдени дәстүрлерді сақтаудың және Қазақстан халқының бірлігін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары жалғасуда.
Осы бағыттағы маңызды өзгерістердің бірі – мемлекеттік қызметтерді «Бір терезе» қағидаты бойынша көрсету. Бұл тәсіл өзара байланысты бірнеше қызметті бір жүйе арқылы алуға мүмкіндік береді.
Енді өтініш беруші қажетті рәсімдерден бір ақпараттық жүйе арқылы өтіп, құжаттарын электронды түрде ұсына алады.
Бұған дейін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты әртүрлі рәсімдерден өту үшін бірнеше қызметті жеке-жеке алу қажет болатын.
Қазір өзара байланысты қызметтер бір жүйеге біріктіріліп отыр. Өтініш берілгеннен кейін қажетті рәсімдер белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Қызмет түріне қарай «Бір терезе» арқылы:
Бұл ретте цифрлық форматқа көшу сараптама жүргізу талаптарын өзгертпейді. Барлық өтініштер қолданыстағы тәртіпке сәйкес қаралады, ал тиісті шешімдер жүргізілген сараптама мен белгіленген рәсімдердің нәтижелері бойынша қабылданады.
«Бір терезе» жүйесінің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерді алу процесін барынша ыңғайлы, түсінікті және қолжетімді ету.
Өтініш берушілер үшін бұл:
Сонымен қатар, «Бір терезе» жүйесі Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының «Сараптама» ақпараттық жүйесімен өзара байланыстырылған.
Бұл өтінішті қажетті сараптама кезеңіне электронды түрде жіберуге мүмкіндік береді. Яғни өтініш берушіге әрбір кезең бойынша бөлек жүйеге қайта жүгінудің қажеті жоқ.
«Бір терезе» қағидаты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу кезінде қолданылады.
Сонымен қатар композиттік мемлекеттік қызмет шеңберінде бір-бірімен байланысты бірнеше рәсімді біріктіру қарастырылған.
Дәрілік заттардың жекелеген санаттары үшін жеделдетілген тіркеу тәртібі қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайда кейбір рәсімдер қатар жүргізіліп, қызмет көрсетуге кететін жалпы уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.
«Бір терезе» жүйесін енгізу дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар саласындағы мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифрландыруға және өтініш берушілер үшін қызмет алу тәртібін жеңілдетуге бағытталған.
Ақпараттық жүйеге eo.ehealth.kz арқылы кіруге болады.
Қазақстанда азаматтарға дәрілік заттарды өз бетінше тексеруге, олардың таңбалануы мен қозғалысы туралы ақпарат алуға, сондай-ақ белгіленген шекті бағалардың сақталуын бақылауға мүмкіндік беретін NAQTY ONIM цифрлық сервисі жұмыс істейді.
Қосымша тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалаудың мемлекеттік жүйесі аясында әзірленген. Оны пайдалану фармацевтикалық нарықтың ашықтығын арттыруға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қосымша мүмкіндік береді.
2024 жылғы 1 шілдеден кейін өндірілген дәрілік заттардың қаптамасында бірегей Data Matrix коды болады.
Препаратты тексеру үшін смартфондағы NAQTY ONIM қосымшасын ашып, камера арқылы осы кодты сканерлеу қажет.
Сканерлегеннен кейін пайдаланушы дәрілік зат туралы, оның ішінде мынадай ақпараттарды көре алады:
Цифрлық таңбалау дәрілік заттың өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап дистрибьюторға, дәріханаға және соңғы сатып алушыға дейінгі қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.
Қосымшаның тағы бір маңызды мүмкіндігі – дәрілік заттардың бағасын тексеру.
Пайдаланушы дәріге мемлекет белгілеген шекті бөлшек бағаны көріп, оны дәріханадағы нақты бағамен салыстыра алады.
Егер дәрінің бағасы белгіленген шекті деңгейден жоғары болса, азамат бұл туралы цифрлық сервистер арқылы хабарлап, ақпаратты одан әрі қарау үшін уәкілетті органдарға жібере алады.
NAQTY ONIM азаматтарға сатып алатын дәрілік зат туралы ақпаратты өз бетінше алуға және ықтимал заң бұзушылықтар туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
Мұндай цифрлық құралдар мемлекеттік бақылауды толықтырып, дәрілік заттарды белгіленген талаптарды бұза отырып сату жағдайларын дер кезінде анықтауға ықпал етеді.
Цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі:
NAQTY ONIM-ді пайдалану арқылы сатып алушы дәрілік затты сатып алмас бұрын оның таңбалануын тексеріп, препарат туралы қажетті ақпаратты ала алады.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мен оның аумақтық департаменттерімен дәрілік заттарды бақылауға арналған цифрлық құралдарды жетілдіру және азаматтар үшін қажетті ақпараттың қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
Қазақстанда шілде айында 589 дәрілік препараттың бөлшек саудадағы бағасы төмендеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттардың бағасына тұрақты түрде жүргізген мониторинг елдің 20 өңіріндегі 2 555 атаудағы дәрілік затты қамтыды.
Бақыланған дәрілік заттардың шамамен жартысының – 1 267 препараттың бағасы өзгеріссіз қалды. Ал 147 препараттың бағасы 20%-дан астам төмендесе, тағы 198 препараттың бағасы 10–20%-ға, 244 атаудың бағасы 5–10%-ға арзандаған.
Бағасы төмендеген дәрілік заттардың қатарында жұқпалы ауруларды, жүрек-қан тамырлары ауруларын және асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуде кеңінен қолданылатын препараттар бар.
Атап айтқанда, Зитмак®️ 250 мг №6 препаратының бағасы 24,25%-ға, Цефтриаксон 1 г – 22,03%-ға, Пантап®️ 20 мг №14 – 20,1%-ға төмендеді. Сондай-ақ Лизиноприл-ЛФ 20 мг №10 – 14,7%-ға, Энап®️ 5 мг №10 – 13,27%-ға, Пульмикорт 0,25 мл – 11,09%-ға, Амоксиклав 875 мг/125 мг – 6,86%-ға арзандады.
«Комитет дәрілік заттардың бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Жиналған деректер фармацевтикалық нарықтағы ахуалды объективті бағалауға, өзгерістерге жедел ден қоюға және мемлекет белгілеген шекті бағалардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов.
Дәрілік заттардың нақты бағасына мониторинг таңбалау және қадағалау жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл жүйе медициналық ұйымдар мен дәріханалардағы дәрілік препараттардың қозғалысы мен қолжетімділігін бақылауға, сондай-ақ нақты сату бағасын мемлекет бекіткен шекті бағалармен салыстыруға мүмкіндік береді.
«Таңбалау және қадағалау жүйесі фармацевтикалық нарықтағы өзгерістерді нақты уақыт режимінде бақылауға, шекті бағалардың асып кету жағдайларын анықтауға және жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Комитет төрағасы Бауыржан Жүсіпов.
Тұтынушылар үшін дәрілік заттардың бағасын тексерудің қосымша құралы – Naqty Onim мобильді қосымшасы. Онда препараттың өндірушісі мен дистрибьюторы, сатылатын дәріхана және оған белгіленген шекті бөлшек сауда бағасы туралы ақпаратты көруге болады.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу тәсілдерін қайта қарады. Енді негізгі назар халық үшін әлеуметтік маңызы бар және сұранысқа ие дәрілік препараттарға аударылып отыр.
Тізбені өзектендіру нәтижесінде мемлекеттік баға реттеу 3 039 рецепт арқылы босатылатын дәрілік препаратқа қолданылады. Сонымен бірге 4 918 препарат мемлекеттік реттеуден шығарылды. Олардың қатарында рецептсіз босатылатын дәрілік заттар және құны бір айлық есептік көрсеткіштен аспайтын рецептпен босатылатын препараттар бар.
«Мемлекеттік баға реттеу тәсілдерін жаңарту халық үшін аса маңызды дәрілік заттарға бақылауды күшейтуге және сонымен қатар фармацевтикалық нарық субъектілеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік берді», – деді Комитет төрағасы Бауыржан Жүсіпов.
Шекті бағалардың сақталуына бақылау тұрақты түрде жалғасуда. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында шекті бағаларды асырудың 6 фактісі анықталып, олар бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құрады.
«Комитет шекті бағалардың сақталуын бақылауды жалғастырады. Заңнама талаптары бұзылған жағдайда тиісті әкімшілік шаралар қабылданады. Сонымен қатар өндірушілермен, дистрибьюторлармен және дәріхана ұйымдарымен өзара іс-қимыл жалғасып, баға тұрақтылығын сақтау және халықтың дәрілік заттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғаса береді», – деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов.
Дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс өндірушілермен, дистрибьюторлармен және дәріхана ұйымдарымен бірлесіп жалғасуда. Шілде айының соңында Денсаулық сақтау министрлігінде фармацевтикалық нарық қатысушыларымен кеңес өткізіліп, дәрілік заттарды тұрақты жеткізу және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері талқыланды.
Департаментте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын жетілдіру мәселелеріне арналған семинар өтті.
Семинарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ибраева Ирина Николаевна өткізді.
Семинар барысында қатысушыларға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістер түсіндірілді. Атап айтқанда, келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:
🔸 «E-қызмет» платформасы арқылы мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін цифрландыру;
🔸 мемлекеттік органдар қызметінде клиентке бағдарланған тәсілді енгізу;
🔸 мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу;
🔸 мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге бағытталған өзге де өзгерістер.
Семинар ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар заңнамадағы жаңашылдықтарды қолданудың өзекті мәселелерін талқылап, жан-жақты түсіндірмелер алып, қаралған тақырыптар бойынша пікір алмасты.
2025 жылғы 1 наурыздан 2026 жылғы 28 ақпанға дейінгі кезеңдегі «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті» РММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА.
Аналитикалық анықтамамен толығырақ осы жарияланымға қоса берілген суреттерде және/немесе құжатқа сілтеме арқылы өтіп таныса аласыз.
Сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-abay/documents/details/1045303?lang=kk