
Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Пацаев көшесі 7 мекенжайында орналасқан «Медициналық жедел жәрдем ауруханасы» ШЖҚ МКК, сондай-ақ «Көпсалалы облыстық аурухана» ШЖҚ МКК клиникалық базасында 2025 жылдың 28-31 қаңтарда тиісті клиникалық практика стандартының (GCP) талаптарына сәйкес инспекция жүргізді, келесі инспекциялық топ құра отырып:
1) Жадыра Манарбекқызы Кулуштаева – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің (бұдаң әрі – Департамент) дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың бағаларын мониторингілеу және фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы;
2) Думан Маратұлы Қалжиров – Департаменттің фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы.