
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп 2023 жылғы 29 желтоқсанда көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттардың бағасын реттеуден кезең-кезеңмен бас тарту көзделетін Денсаулық сақтау саласындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі Жол картасын бекітті.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 5 қарашадағы № 91 "Көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-150 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ”бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге 6060 дәрілік зат жатады.
2023 жылдың басынан бастап бәсекелестік ортаға 3-тен астам аналогы және 3-тен астам өндірушілері бар рецептісіз дәрілік заттардың 302 атауы жіберілді.
2024 жылы қайта реттеудің екінші кезеңіне өтуіне байланысты көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын ДЗ саны 7141ден 6060-қа дейін қысқарды.