
Медицина ғылымының дамуы үздіксіз, жаңа технологиялар енгізіліп, дәрілік заттар нарығы тез өзгеруде, мұның бәрі фармацевттерден, фармацевтика индустриясының қызметкерлерінен өздерінің кәсіби деңгейін үнемі көтеріп отыруды, уақытпен қатар жүруді, сондай-ақ осы саланың қызметіне байланысты барлық құрылымдарынан талап етіледі. Біз өзіміздің функционалымызбен шектеліп қана қоймай, саланың даму үрдістеріне өз үлесімізді қосқымыз келеді, осы мақсатта бүгінгі кездесу «Ашық есік күні» форматында ұйымдастырылды.
1915 жылы Қазақстан аумағында небәрі елу дәріхана болды, оның он екісі Торғай және Орал облыстарында, сегізі Ақмола және Сырдария облыстарында, бесеуі Жетісуда. 1919 жылы Қазақстанда дәріханаларды ұлттандыру басталды, бір жылдан кейін Кырнаркомздрав жанынан фармацевтикалық бөлім ұйымдастырылды. 1928 жылы Казгосмедторг қайта құрылып, Казаптеко-управление болып, жаңа дәріхана желісі ұйымдастырылды. 1931 жылы Семипалатинск қаласында ұлттық кадрларды даярлау үшін Қазақстандағы алғашқы фармацевтикалық мектеп ұйымдастырылды.
2024 жылғы 9 желтоқсанда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінде «Ашық есік күні» өтті, «Семей медицина университеті» КЕАҚ «Фармация» факультетінің студенттері шақырылды, Департамент басшысы істеліп жатқан қызметтер туралы, функционалдық бағыттары, құрылымы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы айтып берді.
Бұдан әрі Департамент мамандары қатысушыларды функционалдарымен, жұмыстың негізгі бағыттарымен таныстырды. Мысалы, дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу, тиісті фармацевтикалық практикаларға сәйкестігіне инспекциялау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу рәсімдері жайлы айтып өтті.
Кездесу қызықты тақырыптар бойынша «сұрақ-жауап» форматында жалғастырылды.