
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Абай облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілдерімен бірлесіп дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптары бойынша бас дәрігерлер деңгейінде медициналық ұйымдармен семинар-кеңес өткізді:
1) «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығы;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемімен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастырудың қағидалары мен әдістемесі»;
3) «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №32 бұйрығына сәйкес құжаттаманы жүргізудің, есепке алудың, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жойылуының дұрыстығына ерекше назар аударылсын;
4) «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені, Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 шілдедегі №470 қаулысына сәйкес қатаң бақылаудағы, бақылаудағы, сондай-ақ медициналық қолдануға тыйым салынған есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың атауларын зерделеу бөлігінде;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-155/2020 «Жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін өзге де Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидаларын бекіту туралы», атап айтқанда II кестеге кірмейтін психотроптық заттарды жоюды жүргізудің дұрыстығы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы аумақтық органға дұрыс дайындалу және уақтылы жолдау бөлігінде;
6) «Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы №ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығының талаптарын менгеру.