
Денсаулық сақтаудағы сапа бойынша аккредиттеу орталығы (ACQH) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аккредиттеген медициналық ұйымдардың аккредиттеуші орган. Бүгінгі күні денсаулық сақтаудағы сапа бойынша аккредиттеу орталығы-аккредиттеу стандарттары мен рәсімдерінің басты әзірлеушісі. Мұнымен қатар, ол сыртқы кешенді бағалау сарапшыларын даярлауды жүзеге асыратын орган. Биыл орталықтың құрылғанына 15 жыл толды. Осыған байланысты Орталық басшылығы Басқарма Төрағасы - Ректор Алтай Дюсуповке мерейтойлық медаль табыс етті. Мерейтойлық медальді ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Ибраев Нұрланғазы Советқазыевич алды.