ҚР ДСМ МФБК төрағасының м. а. Абай облысының фармацевтикалық қоғамының өкілдерімен дәрі-дәрмектерді таңбалауды енгізу тақырыбы бойынша кездесті

ҚР ДСМ МФБК төрағасының м. а. Абай облысының  фармацевтикалық қоғамының өкілдерімен дәрі-дәрмектерді таңбалауды енгізу тақырыбы бойынша кездесті

2024 жылғы 11 шілдеде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м.а. Алмагүл Кенжеханованың жеке қатысуымен Абай облысында дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізуге дайындық мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Кеңес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада сату субъектілерімен және «1С:Кәсіпорын» бағдарламалық қамтамасыз ету өкілдерімен өтті. Кездесуге МФБК Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Ибраев Н.С.  және басшының орынбасары Увалиев С.М., сондай – ақ Департамент қызметкерлері, «Қазақтелеком» АҚ өкілі – «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС тауарларды таңбалау басқармасы департаментінің жоба менеджері Людмила Горчинская қатысты.

Алмагүл Кенжеханова ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап шығарылған дәрілік препараттар ғана таңбалануға және қадағалануға жататынын еске салды. Медициналық бұйымдарға, шығын материалдарына, гигиена құралдарына таңбалау қолданылмайды. 

Бұдан әрі ҚР ДСМ МФБК төрағасының міндетін атқарушы бірнеше дәріханаға барды, оның ішінде "Бетта Фарм" ЖШС, "ADAL Pharm" ЖШС және көтерме сату субъектісі болды. Ол әр объектінің таңбалауға дайындығымен жеке танысты, кәсіпкерлерден қандай проблемаларға тап болғанын сұрады. Басшылар осы бағытта өз жұмыстарын көрсетіп, сатып алынған сканерлерді көрсетті. Мысалы, "Бетта Фарм" ЖШС басшысы олардың дәріханасында дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалаудың қалай енгізілгенін және практикада қолданылатынын нақты көрсетті.