Ақсуат ауылында дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу мәселелері бойынша жиналыс өткізілді

Ақсуат ауылында дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу мәселелері бойынша жиналыс өткізілді

2024 жылғы 21 маусымда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті Ақсуат ауылының дәрілік заттарды бөлшек саудада сату субъектілерінің басшыларымен "Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу" мәселелері бойынша кеңес ұйымдастырып, өткізді.

Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу тетігі бойынша түсініктемелер берілді. Бөлшек сату субъектілерінің басшыларымен дәрілік заттарды таңбалауды енгізу үшін дайындық процесі талқыланды, сондай-ақ дәріханалар интернет байланысының сапасының төмендігі, таңбалау жүйесіндегі жұмыс процесін көрсететін сарапшылардың болмауы және дәрілік заттарды таңбалауды енгізу кезінде туындайтын басқа да қиындықтар туралы айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша дәріхана ұйымдарының басшыларына дәріханаларды дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізуге дайындау жөнінде шаралар қабылдау ұсынылды.