
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша Департамент өкілдерімен 13.06.2024ж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша Департаментінің ұжымымен семинар өткізді.
Семинар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – МҚІА) мамандарының қатысуымен жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдарда МҚІА қызметкерлері жүргізген талдауды пайдалана отырып өткізілді., сондай-ақ тәртіптік жаза қолдану тәжірибесінен мысалдар келтіреді.
Нариманов С.Н. - МҚІА Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысымен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларына өзгерістер мен толықтырулар айтылды, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, сондай-ақ тәртіптік жаза қолдану және мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі бойынша рәсімдер жеткізілді.
Сонымен қатар, лудомания, оның себептері мен салдары, сондай-ақ жұмыс уақытының нормаларын сақтау және заңсыз қосымша жұмыстарына жол бермеу қажеттілігі туралы ақпарат берілді.