Депаратаменттің үлгілі қызметкері

Депаратаменттің үлгілі қызметкері

Жұманбаева Жаннат Самалқызы

1992 жылы Абай облысы Абай ауданында дүниеге келген.

2017 жылы Семей қаласының «Жалпы медицина»  мамандығы бойынша Семей қаласының «Мемлекеттік медицина университетін» бітірген.

Еңбек жолын 2017 жылы «Астана қаласы емханасының» жалпы практика дәрігері болып бастаған. 2018 жылдан 2019 жылға дейін Семей қаласының «Консультативтік-диагностикалық орталығы» жалпы практика дәрігері,  2019 жылдан 2021 жылға дейін «Семей теміржол ауруханасы» ЖШС жалпы практика дәрігері болып, 2022 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің медициналық қызметті бақылау бөлімінде басшы болып жұмыс істейді.

Өзінің күнделікті қызметінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы қарастыруды қамтамасыз етеді, тұрақты негізде тыңдау, кеңес беріп, өтініш берушілерге нормативтік құқықтық актілердің қолданылуын түсіндіреді. Лауазымдық нұсқаулықтың талаптарына сәйкес медициналық қызметті бақылау бөлімі басшысының жұмысын жүзеге асырады.

Жұмыс барысында ол өзінің ұйымдастырушылық қабілеті мен бастамашылығын, еңбек ұжымында ынтымақтастық атмосферасын және үйлесімді жағдай жасау қабілетін көрсетті. Ол қайырымдылықпен және әдептілікпен ерекшеленеді. Өзінің кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіреді. Ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады.

Жаннат Самалқызы адал еңбегі, белсенді қоғамдық жұмысы үшін Комитеттің «Құрмет грамотасына» ие, кез келген міндетке шығармашылық көзқарасын, сондай-ақ іске деген сүйіспеншілік пен адалдық көрсетеді.