Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдары мен ұсыныстарына жедел назар аудару мақсатында «EgovKzBot2.0» Telegram мобильді қосымшасының ресми бот платформасы арқылы «Уәкілетті органға өтініш» білдіру батырмасы іске қосылды.
Аталған платформада қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне шағым, олардың сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында ұсыныстарды білдіру тетіктері қарастырылған.
«EgovKzBot2.0» бот платформасы арқылы берілген шағымдар мен ұсыныстар Департаментпен уақытылы өңделіп, барлық өтініш берушімен кері байланыс орнатылатын болады.
«EgovKzBot2.0» Telegram мобильді қосымшасының ресми бот платформасымен жұмыс істеу бойынша бейне нұсқаулыққа сілтеме Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің сайтында жарияланды (https://cloud.mail.ru/public/ZzDf/M6Tbib7hb).