
Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу жөніндегі тапсырманы іске асыру шеңберінде «Ашық есік күні» форматында 2024 жылғы 22 мамырда «Семей медицина университеті» КЕАҚ алаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай бойынша департаменті «Қазақтелеком» АҚ, Техникалық қызмет көрсету орталығы және Webkаѕѕа-мен бірлесіп семинар өткізді, оған Абай облысының 17-ден астам дәріхана ұйымдарының өкілдері қатысты.
Кездесудің басты мақсаты-таңбалау жүйесінде дәрілік заттарды қабылдау, сату, қайтару және айырбастау процесін түсіндіру және көрсету. Құжаттаманы ресімдеу. Таңбаланған препараттармен жұмыс бойынша презентацияны көрсету және дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жөніндегі жоба менеджері Л. Горнинскаяның кезең-кезеңімен түсіндіруі.
Семинарда тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторының қызметкерлері кездесуге қатысушыларды бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінің функционалымен таныстырып, тіркеу процестерін, жеке кабинетте жұмыс істеуді, АПП қабылдауды, сәйкессіздік туралы хабарлама жасауды, басқа себептер бойынша және бақылау-касса машинасы арқылы тауарды айналымнан шығаруды көрсетті, сондай-ақ 5 күнтізбелік күннің аяқталуымен дәрілік заттарды автоқабылдау жөніндегі функцияны енгізуді талқылады.
Сондай-ақ, техникалық қызмет көрсету орталығының қызметкерлері бақылау-касса машинасы арқылы тауарлардың айналымынан дәрі-дәрмекті шығару процестерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, кезең-кезеңімен көрсетті және дәріхана ұйымдарының жекелеген БКМ функционалдығы жайлы талқыланды.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облыс бойынша департаментінің басшысы Н.С. Ибраев фармацевтикалық ұйымдардың 2024 жылғы 1 шілдеден бастап ДЗ таңбалау мен қадағалауды енгізуге уақтылы дайындығын қамтамасыз ету, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қатысуымен туындайтын проблемалық бизнес мәселелерін шешу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігі туралы өтініш жасады.