Курчатов қаласында дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу мәселелері бойынша жиналыс өткізілді

Курчатов қаласында дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу мәселелері бойынша жиналыс өткізілді

2024 жылғы 02 мамырда ҚР ДСМ Абай облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің көшпелі тобы "Аптека Ромашка" ЖШС базасында Курчатов қаласының дәрілік заттармен бөлшек сауда субъектілерінің басшыларымен "дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу" мәселелері бойынша семинар ұйымдастырып, өткізді.
Дәрілік заттарды таңбалауды енгізу және қадағалау тетігі бойынша түсініктемелер берілді. "Аптека Ромашка" ЖШС дәріхана басшысы Data Matrix 2D сканерін оқуды және оның есептік жүйемен интеграциялануын, Исметке тіркелуін көрнекі түрде көрсетті, бірақ жұмыс әлі іске қосылмаған, проблемалық мәселелер бар, ИСМЕТ-тің есептік жүйемен интеграциясы жоқ, интернет сапасы төмен, сондай-ақ дәрілік заттарды таңбалауды енгізу бойынша дәріханалар проблемалық мәселелерді Курчатов қалалары айтты.
Семинар қорытындысы бойынша дәріхана ұйымдарының басшыларына дәріханаларды дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізуге дайындау жөнінде шаралар қабылдау ұсынылды.
"Аптека Ромашка" ЖШС дәріханасына дәрілік заттарды таңбалауға және қадағалауға дайындықты іске асыруға жәрдемдескені үшін алғыс айтамыз!