
2024 жылғы 11 сәуірде Абай облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті "Атамекен" ҰКП, "Қазақтелеком" АҚ бірлесіп дәрілік заттарды көтерме - бөлшек сатуды жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдерімен онлайн жиналыс өткізді.
2023 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 қазандағы қаулысымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне өзгеріс енгізілді, ол 2024 жылғы 1 шілдеден бастап барлық дәрілік заттар міндетті таңбалануға жататынын көздейді.
Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау фармакологиялық қадағалау тиімділігін арттыру және дәрілік препараттардың сапасын бақылау, дәрілік заттардың өндіріс кезеңінен бастап түпкі тұтынушыға дейінгі өмірлік циклін мониторингілеу, заңсыз айналымға, оның ішінде жалған өнімге қарсы іс-қимыл мақсатында енгізіледі. Бұл тетік дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға және сатып алуды жоспарлауға, сондай-ақ пациентке бағдарланған толыққанды және сенімді дәрілік қамтамасыз етуді қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Таңбалау жүйесіне дәрілік заттар айналымының барлық қатысушылары енгізілген. Қажетті Ақпараттық жүйелер кедендік кіруден бастап соңғы алушыға берілгенге дейін біріктіріледі.
Бұл жобаның нәтижесі дәрілік заттардың, оның ішінде ТМККК және МӘМС шеңберінде заңсыз айналымының жолын кесу болады, бұл біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігіне оң әсер ететіні сөзсіз. Өз кезегінде дәрі-дәрмектерді таңбалау бағаны бақылауды қамтамасыз етеді.
Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесінде жұмыс істеу үшін дәріхана ұйымдары бірқатар қадамдар жасауы керек.
Дәріханаларға дәрілік заттарды сату үшін жабдыққа қойылатын минималды талаптар қажет:
1) Бақылау-касса машинасының болуы, бұл ретте болуы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің талаптарына байланысты.
2) Тауарларды таңбалаудың және қадағалаудың ақпараттық жүйесінде таңбаланған препаратты босатуды жүзеге асыруға арналған 2D-сканер.
Дәріхана қоймаларына:
1) 2D сканері
2) ТСД (деректерді жинау терминалы)
Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану бөлігінде бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуде.
Дәрілік заттарды таңбалауды енгізу мәселелері бойынша Абай облысы бойынша Семей қаласы, Академик Павлов көшесі, 60 мекенжайы бойынша, сондай-ақ тел.8-708-467-16-80.