Департамент қызметкерлері ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне ұсыныстармен танысты

Департамент қызметкерлері ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне ұсыныстармен танысты

2024 жылы 20 наурызда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру бойынша қызметкерлермен жиналыс өткізілді, сондай-ақ оларды қолдану бойынша ұсынымдар айтылды.

Ұсынылатын ұсынымдар түсініктемелерде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп кодексінің мағынасын түсіндіреді және ашады. Олар Кодекстің ережелерін іс жүзінде біркелкі түсінуді және қолдануды қамтамасыз етуге, тиісінше заңнаманың бұзылуын барынша азайтуға арналған. Әдеп кодексінде белгіленген қағидаттар мемлекеттік қызметші қызметінің жоғары маңыздылығын айқындайды және оған ерекше жауапкершілік жүктейді. Ұсынымдар мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметтегі моральдық-адамгершілік және кәсіби қасиеттерін жетілдіруге ықпал етеді.

Жиналыс барысында Департамент басшысы Ибраев Нұрланғазы Советқазыұлының атынан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Медициналық қызметті бақылау бөлімінің басшысы  Ж.С. Жұманбаева Құрмет грамотасымен марапатталды.

Департамент әдіскері А.М.Капанова Алғыс хатпен марапатталды.