Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жөніндегі жабдыққа қойылатын техникалық талаптар

Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жөніндегі жабдыққа қойылатын техникалық талаптар

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 «Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» қаулысы бойынша дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-11 «Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарын сақтау жөніндегі қаулысын орындау үшін фармацевтикалық қызмет субъектілерінде/объектілерінде қажетті жабдықтардың: 2D – сканерлердің және деректерді жинау терминалдарының (ДЖТ) болуы қажет екенін хабарлайды. Көрсетілгендерге байланысты дәрілік заттардың айналымы саласындағы дәріханалық және көтерме ұйымдарға қажетті дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жөніндегі жабдыққа техникалық талаптарды қоса жібереміз.