Денсаулық Сақтау Министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Абай облысы бойынша Департаментінде «Ашық есік күні» өткізілді

Денсаулық Сақтау Министрлігі медициналық және фармацевтикалық  бақылау Комитетінің Абай облысы бойынша Департаментінде «Ашық есік күні» өткізілді

12 наурыз 2024 жылы Денсаулық Сақтау Министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Абай облысы бойынша Департаментінде  «Ашық есік күні» өткізілді, соған орай  ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Абай облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері шақырылды.

ҚР мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Абай облысы Департаментінің бас маманы Табиғатов Б. өңірлік кадр резервін құру жайлы таныстырып өтті:

- Өңірлік кадр резервін құрудың басты мақсаты облыстың дамуына өз үлестерін қосамыз деген білімді дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Өңірлік кадрлық резервке іріктеу 1-31 наурыз аралығында өтеді. Облыстық резервке іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Жобаға қатысушылар тест тапсырады. Байқау 7 бағыт аясында іске асырылады.

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру;

7) экология.

Өңірлік резервке алынған азаматтар мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша байқау өткізбей, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Әр кезеңнің нәтижесіне сай комиссия шешім қабылдайды. Іріктеу қорытындысы бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, үміткерлердің жеке кабинеттерінде, жобаның сайтында орналастырылады. Өңірлік резервте болу мерзімі - 2 жыл.