
Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 қазандағы қаулысымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне тұжырымдамалық өзгеріс енгізілді, онда қазір барлық дәрілік заттар 2024 жылғы 1 шілдеден бастап міндетті таңбалауға жатады.
Қазіргі уақытта дәрілік заттар айналымының барлық қатысушылары таңбалауды енгізуге дайындық бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Жергілікті атқарушы органдар мен медициналық ұйымдар медициналық ұйымдарда таңбалау кодтарын оқу және ақпараттық жүйелерді интеграциялау үшін қажетті жабдықтарды сатып алу бойынша жұмыс жүргізуде. Дәрілік заттардың қозғалысын қадағалау және медициналық ұйымдардың есепке алу жүйелерін тестілеу бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.
Айта кетейік, дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесінде жұмыс істеу үшін дәріхана ұйымдары ақпараттық жүйеде дәрілік заттарды есепке алуды қамтамасыз етуі қажет.
Қабылдауды қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйеге қосылған ұялы телефонның (iOS немесе Android негізіндегі смартфон) болуы және оның көмегімен қабылдауды жүзеге асыру жеткілікті.
Дәрілік заттарды сату үшін дәріхана қажет:
-бақылау – касса машинасының (бұдан әрі-БКМ) болуы. Бұл ретте БКМ-нің міндетті болуы таңбалаумен байланысты емес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына сәйкес 2018 жылдан бастап міндетті болып табылады.
- таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде таңбаланған дәрілік затты айналымнан шығаруды жүзеге асыру үшін БКМ-мен үйлесімді 2D сканерді сатып алу.
Анықтама. 2D сканерлердің орташа құны 13-тен 185 мың теңгеге дейін өзгереді.
Егер қандай да бір себептермен дәріханада БКМ болмаса, онда таңбаланған дәрілік затты смартфонға орнату тегін негізде қолжетімді мобильді кассалар (WebKassa, Rekassa және т.б.) арқылы сатуға және айналымнан шығаруға болады.