
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Абай облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті» РММ (бұдан әрі-Департамент) «Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгеріс енгізілгені туралы хабарлайды.
32-тармаққа сәйкес құрамында есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың нақты шығысы туралы есеп, сондай-ақ олардың прекурсорларын медициналық ұйымдар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ұсынады.
Құрамында есірткі, психотроптық заттар бар дәрілік заттардың, сондай-ақ олардың прекурсорларының бір жылдағы нақты шығысы туралы есепті 15-қосымшаға сәйкес Департаментке 2024 жылғы 26 ақпанға дейінгі мерзімде түрде жіберу қажет