
16.10.2023 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу, заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті превенция басқармасының аға офицері Мадияр Дәулетұлы Байтабанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің заңнамасы мен талаптарын түсіндіру мақсатында сөз сөйледі.
Осы кеңестің ақпараты мен материалдары қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауын талап ете отырып, ұжымның назарына жеткізілді.