
Абай облысы құрылғаннан бері бір жылдан астам уақыт өтті.2022 жылдың жазында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік құрылымдарын және әртүрлі ведомстволар мен салалардың орталық басқару органдарының өкілдерін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар басталды. Басқалармен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті де тіркелді. Күрделі қалыптасу кезеңі тез өтті. Бесінші-алтыншы талпыныспен департаментті орналастыру, Жаңа жерде жұмысты бастау үшін Өскеменнен аздаған мүлкпен көшу мәселесі шешілді. Өкінішке орай, келіп түскен өтініштер мен мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың саны уақытты созуға мүмкіндік бермеді.
Жаңа Абай облысында жұмысты үзіліссіз бастауды қамтамасыз етуде Өскеменнен басшымен бірге, 3-4 тәжірибелі маманның көшуі, үлкен оң рөл атқарды. Бұл мамандар медициналық және фармацевтикалық бақылау негіздерін қалыптастыра бастады және жаңадан қабылданған мамандарға жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Осындай мамандардың бірі – жоспардан тыс медициналық бақылау бөлімінің басшысы Лязат Мендыбаевна Садвокасова. Лязат Мендыбаевна негізгі медициналық білімі бойынша стоматолог болып табылады, осы мамандық бойынша жоғары біліктілік санатына ие. Көптеген жылдар бойы ол Семей қаласының медицина университетінің стоматология және жақ - бет хирургиясы кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді, үлкен практикалық тәжірибесі бар, тәуелсіз сарапшы ретінде бірнеше рет тексерулерге қатысты. Шығыс Қазақстан облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне мемлекеттік қызметке ауысқан сәттен бастап қысқа уақыт ішінде мемлекеттік бақылау талаптарын, азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мен талаптарды игерді. Ең бастысы, ол игеріп қана қоймай, әріптестеріне адал қызмет, этикалық мінез-құлық, тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетеді. Тапсырмаларды немесе функционалдық міндеттерді орындау кезінде объективтілікті, әдептілікті, шыдамдылықты сақтайды. Бұл қасиеттер қызметкерлердің медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі "мүдделер қақтығысымен" үнемі сүйемелденетін күрделі, негативке толы жұмыста өте маңызды.
Жаңа Абай облысында Лязат Мендыбаевна күш-жігері ескеріліп, бағаланғаны қуантады. Медицина қызметкерлері күніне орай ол жаңа Абай облысы әкімі Н. Т. Уранхаевтың алғыс хатымен марапатталды.