
2023 жылғы 22 мамырда "ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылаукомитетінің Абай облысы бойынша департаменті" РММ кеңсесінде департаменттің бөлім басшыларының және өтініштермен жұмысына жауапты қызметкерлердің қатысуымен "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі" (бұданәрі-АППК) әкімшілік рәсімдерінің нормалары мен қағидаларын жеке және заңдытұлғалардың өтініштер мен жұмыс барысында қолдану практикасын түсіндіру мақсатында оқыту семинары өткізілді. Оның ішінде өтініштерді тіркеуге жауапты адамға да оқыту семинары өткізілді.
Семинарға АППК бойынша мәселелерді талқылау үшін ҚР ҚСЖА және СУГП аға прокуроры Абай Ахметжанов Ербол Қазбекұлы шақырылды.
Семинар диалог (пікірталас) форматында өткізілді, қызметкерлер жоғарыда аталған мемлекеттік органның өкіліне жұмыс барысында туындайтын проблемалық сұрақтар қою арқылы өтті. Семинарға қатысушылар азаматтардың өтініштерін тіркеу және жауаптар беру, сондай-ақ тыңдауды өткізу және олар бойынша тәуелсіз сарапшылардың қатысуы бойынша толық жауаптар алды.
ҚР ҚСЖА және СУГП аға прокуроры Абай Департаменттің функционалымен және құрылымымен, фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімімен,лицензиялау және сертификаттау бөлімімен таныстырды.