«ҮЗДІК ПРОВИЗОР" НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША КОНКУРС

«ҮЗДІК ПРОВИЗОР" НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША КОНКУРС

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің медицина қызметкерлері мерекесін ұлықтау аясында «Медицина үздігі-2023» атағын беруге арналған байқауда «Үздік провизор» номинациясы бойынша үздіктер анықталатынын жеткізеді.

 Байқауға кемінде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі бар провизорлар қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1)номинациясын көрсете отырып, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)фотосуреті бар түйіндеме;

3)конкурсант жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымының басшысы куәландырған кәсіптік қызмет туралы есеп кәсіби қызмет туралы деректермен және тиісті номинацияға бағалау әдістемесінде көрсетілген көрсеткіштердің әрқайсысына қол жеткізу жөніндегі ақпаратпен (көрсеткіштердің (өлшемшарттар мен индикаторлардың) әрқайсысына қол жеткізу жөніндегі ақпарат бағалау әдістемесінде көрсетілген нысан бойынша кестелік форматта ұсынылады тиісті номинация бойынша. Есеп көлемі 15 баспа парағынан аспауы тиіс);

 4)конкурсант туралы бейнеролик (3 минуттан аспайды);

 5)конкурсанттың қалауы бойынша қосымша мәліметтер (10 қаріппен 3 баспа парақтан артық емес).

Конкурсқа қатысушыларды бағалау және саралау әдістемесі Департаменттің сайтында орналастырылған конкурс өткізу бойынша Әдістемелік ұсынымдардың 1-қосымшасында баяндалған (https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-abay/documents/details/466015?lang=kk

 Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тілінде Департаментке abai.dkmfk@gmail.com электронды мекенжайына 23.05.2023 жылға дейін электрондық түрде ұсыну қажет.