Дәріханалар қажетті вирусқа қарсы препараттармен қамтамасыз етілген, қорлары бақылауда

Дәріханалар қажетті вирусқа қарсы препараттармен қамтамасыз етілген, қорлары бақылауда

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Фармацевтикалық субъектілердің, дистрибьюторлар қауымдастығының, ҚР фармацевтикалық қызметін қолдау мен дамытудың деректеріне сәйкес республика бойынша қоймаларда вирусқа қарсы препараттардың қажетті қорлары бар екенін хабарлайды.

💊Көтерме фирмалар дәріханалар арасында дәрі-дәрмектерді таратуды жалғастыруда. Қосымша партиялардың жеткізілуі жоспарлануда.

💊Комитет халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін дәріхана желісінің мониторингін және дистрибьюторлармен өзара іс-қимылды жалғастыруда.

📺Вирусқа қарсы дәрілердің қолжетімділігі туралы «24.kz» телеканалына Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Джүсіпов баяндады.

Ссылка на сюжет – https://youtu.be/h4_fG88eOUE?si=pshlJeeSPUTvC7F0