«Медсервис Плюс» ЖШС-ін GPP сертификатын алуымен құттықтаймыз!

«Медсервис Плюс» ЖШС-ін GPP сертификатын алуымен құттықтаймыз!

Департамент тарапынан «Медсервис Плюс» ЖШС-нің дәріханаларында сапалы фармацевтикалық тәжірибе (GPP) бойынша тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде компанияның қызметі Сапалы фармацевтикалық тәжірибе стандартының (GPP) талаптарына сәйкес екені расталды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының 5 Қосымшасының 1 тармағына сәйкес Тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) (бұдан әрі – GPP Стандарт) Қазақстан Республикасы халқына фармацевтика қызметкерлерінің көрсететін фармацевтикалық қызметінің тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, Стандарттың талаптарын және Қазақстан Республикасының халқына фармацевтикалық қызмет көрсетудің сапасын басқару жүйесін ұйымдастыруды анықтайды. Осы Стандарт халықты сапалы, қауіпсіз дәрілік заттар және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуге, оларға дәрілік заттар туралы нақты ақпарат беруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурудың алдын алуға, рецептуралық дәрілік препараттарды ұтымды қолдануды қамтамасыз етуге, дәрілік препараттардың орын алған жағымсыз әсерлері туралы ақпаратты беруге және өзін өзі емдегенде көмек көрсетуге бағытталған.