#MedSafetyWeek 2 бөлім

#MedSafetyWeek 2 бөлім

Қазақстан – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дәрі-дәрмектің жағымсыз әсерін бақылау бағдарламасының қатысушысы. Сондай-ақ, елде анықталған жағымсыз әсерлер туралы жедел деректер ДДСҰ-ның мониторинг орталығына жіберіледі.

Дәрі-дәрмекті (оның ішіне екпе де кіреді) қолданғаннан кейін пайда болған жағымсыз әсер туралы хабарлаудың бірнеше әдісі бар.

1️⃣🌐ДЗСҰО сайтында жағымсыз әсер туралы хабарлама-картаны толтыру.

2️⃣📞Дәрі-дәрмек өндірушісіне хабарласу, оның байланыс нөмірлерін әдетте медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтан табуға болады.

3️⃣📲DariKZ мобильді қосымшасының "сары карталар" қызметін пайдаланып хабарлама жіберу. Мобильді қосымша iOS және Android платформаларында қолжетімді. Бұл дәрігерлер мен фармацевтер үшін де, ем қабылдаушылар үшін де қолжетімді әрі ең жылдам әдіс болып саналады.

—————————

Пациент ретінде сіз де фармакологиялық қадағалау туралы хабардарлықты арттыруға үлес қоса аласыз:

💡Медициналық қызметкермен дәрілік заттың ықтимал жағымсыз әсерлерін талқылаңыз;
💡Жағымсыз әсерлер туралы қалай және қайда хабарлауға болатынын біліп алыңыз;
💡Дәріні қабылдау жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып, дозаны дәл сақтаңыз;
💡Күдікті жағымсыз әсерлер байқалған жағдайда, бұл туралы медициналық қызметкерге хабарлаңыз.

—————————

Дәрілік препаратты қолданумен байланысты жағымсыз реакция туралы хабарлаудың бірнеше тәсілі бар:
1️⃣🌐🟨www.ndda.kz сайтында орналасқан жағымсыз реакция туралы хабарлама картасын толтыру.
2️⃣📞💊Препараттың өндірушісіне жүгіну – олардың байланыс деректері әдетте медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетіледі.
3️⃣📩DariKZ мобильді қосымшасындағы «Сары карталар»🟨 функциясы арқылы хабар жіберу. Қосымша iOS және Android платформаларында қолжетімді.📲

—————————

Бүгінгі таңда әр елде ұлттық иммундау бағдарламасы бар және вакциналар көптеген аурулардың алдын алудың ең қауіпсіз және тиімді шараларының бірі болып саналады. 🌏

💊🔬💉Бес онжылдықта ұлттық жоспарлы иммундау бағдарламалары дамыды және кеңейді, ал бүгінгі күні ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес, балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге кем дегенде 13 ауыр ауруға қарсы вакцинациялауды қамтамасыз етеді.