
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) рецепт бойынша босатылуы тиіс дәрілік заттардың рецептсіз сатылуының алдын алуы бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Осыған байланысты, Департамент басшысы Денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп, медицина қызметкерінің дәрілік заттарды өткізу қағидаларын және рецептілерді жазу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік және Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығымен бекітілген Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау Қағидаларына сәйкес дәрілік заттарға арналған рецептілерді жазу бөлігінде бас дәрігерлер деңгейінде медициналық ұйымдармен кеңес өткізді.
Департамент медицина қызметкерінің дәрілік заттарды өткізу қағидаларын және рецепт жазу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінің 82-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады:
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
жеке тұлғаларға - денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.