Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментімен кездесу

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментімен кездесу

Ағымдағы жылдың 23 мамыр күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті қызметкері Т.Зулхаров «Президенттік жастар кадр резерві» жобасына кезекті іріктеу жайлы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті ұжымымен кездесу өткізді.

Темірлан Зулхаров аталған Департамент қызметкерлеріне «Президенттік жастар кадр резерві» жобасының мақсаты, қатысу талаптары және іріктеу кезеңдері жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Департамент өкілі жас мамандарға бұл маңызды жобаға белсене қатысып, ұсынылған мансаптық мүмкіндіктерді толыққанды пайдалануға шақырды. Жобаның жас кадрлар үшін үлкен серпін беретіндігі аталып өтті. Мұндай бастамалар мемлекеттік қызмет сапасын арттырып қана қоймай, жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Жоба ашықтық және әділдік қағидаттарына негізделген. Департамент қызметшілері Президенттік жастар кадр резерві жобасына қатысуға ниет білдіріп, туындаған сұрақтарына жауап алды.

Іріктеуге 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Үміткер азамат ағымдағы жылдың 1-30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz сайтына ЖСН және электрондық поштаны енгізу арқылы тіркеуден өтуі қажет.