ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды. Талдау басталу кезеңі: ағымдағы жылдың 26 наурызы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру, талдау объектісінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер бойынша ұсыныстар болған жағдайда ақпаратты 8-708-467-16-80 нөмірі бойынша хабарласуға сұраймыз. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.