Меню

Страницы

Статья

Фармацевтикалық қызметке лицензия

Фармацевтикалық қызмет дегеніміз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу.

"Фармацевтикалық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары-ҚР ДСМ 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 "фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы"бұйрығымен регламенттеледі. https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200028085.

Лицензия алу үшін фармацевтикалық қызметтің лицензиялауға жататын түрлерін жүзеге асыру мақсатында өтініш беруші медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек және оның бүкіл уақыт кезеңі ішінде де шындыққа сәйкес келуі керек. Көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес өтініш беруші лицензиарға-лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
     1.Мемлекеттік мүлікті меншік немесе жалға алу немесе сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жайға немесе ғимаратқа.
     2.Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен        нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде ДЗ, ММБ және МТ айналысы саласындағы объектілердің үлгілік ережелеріне сәйкес ДЗ, ММБ және МТ өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарының сапасын бақылауды және сақталуын қамтамасыз етуге арналған жабдықтар мен жиһаздарға, мүкәммалға, аспаптар мен аппаратураларға; шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін ДЗ және ММБ, МТ сақтау және өткізу шарттарының сақталуын қамтамасыз ететін, қажет болған жағдайда тиісті шкафтары мен тоңазытқыш және басқа да жабдықтары бар автомобиль көлік құралының.
     3.Мамандар туралы мәліметтермен расталатын қызметкерлер штаты.
     4.Фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес мамандығы бойынша тиісті білімі мен жұмыс өтілінің болуы.

Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз:

  1.  www.elicense.kz порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз;
  2. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз;
  3. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз;
  4. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.

Қызмет нәтижесі.

Лицензия, қайта ресімделген лицензия, фармацевтикалық қызметке лицензияның телнұсқасы және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Порталдың жұмыс кестесі:

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Дата публикации
20 марта 2023
Дата обновления
20 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
26 марта 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
20 марта 2023
Фармацевтикалық қызметке лицензия

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы