№134-НҚ Бұйрық «Бензидамин гидрохлориді (Бензидамин), жергілікті қолдануға арналған спрей, 1,5 мг/мл» дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2026 жылғы 26 ақпандағы «Бензидамин гидрохлориді (Бензидамин), жергілікті қолдануға арналған спрей, 1,5 мг/мл» дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы» №134-НҚ осы бұйрыққа сәйкес «Бензидамин гидрохлориді (Бензидамин), жергілікті қолдануға арналған спрей, 1,5 мг/мл», өндірушісі Uquifa México S.A de C.V, Мексика, тіркеу куәлігінің нөмірі ЛП-№004266-РГ-KZ дәрілік затының тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтатылғанын және кері қайтарылғанын хабарлайды.

Негіздеме: «Фортива Мед» ЖШС-нің 2026 жылғы 5 ақпандағы № 34 хаты.

Дата публикации
03 марта 2026