№124-НҚ Бұйрық Дәрілік заттың медициналық қолданылуына тыйым салу және айналыстан алу туралы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 7 тармақшасына сәйкес және «Дәрілік заттың медициналық қолданылуына тыйым салу және айналыстан алу туралы «Стрептоцид, Таблеткалар, 300 Миллиграмм,10 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамада. 5 пішінді ұяшықты қаптамадан картон қорапшада» Комитет төрағасының  2026 жылғы 23 ақпандағы № 124-НҚ бұйрығына сәйкес:

         - «Стрептоцид,Таблеткалар, 300 Миллиграмм,10 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамада. 5 пішінді ұяшықты қаптамадан картон қорапшада» № ҚР-ДЗ-5№003366 «Химфарм» АҚ, Қазақстан өндіруші, сериясы 25080430, 08.2030 ж. қолданыстағы дәрілік затты медициналық қолдануға тыйым салынады және пайдаланудан шығарылады.

 Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2026 жылғы 18 ақпандағы № 26-14-416/И  хаты және 2026 жылғы 13 ақпандағы № OP-553/25 сынақ нәтижелері.

Дата публикации
25 февраля 2026