№128-НҚ Бұйрық «Каптоприл, 25 мг таблеткалар» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Абай облысы бойынша Департаменті» (әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2026 жылғы 24 ақпандағы №128-НҚ «Каптоприл, 25 мг таблеткалар» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы»  бұйрығына сәйкес:

- «Каптоприл, 25 мг таблеткалар», ҚР-ДЗ-5№003447, тіркеу куәлігін ұстаушы «Киевмедпрепарат ЖАҚ», Украина, дәрілік заттың тіркеу куәлігі кері қайтарылды.

Негіздеме: «Торговый дом Фармамед» ЖШС-нің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № ЗТ-2026-00193438 өтініші.

Дата публикации
25 февраля 2026