№448-НҚ Бұйрық «Лайленон, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 25 мг және 50 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы»

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы

24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2025 жылғы 3 қазандағы «Лайленон, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 25 мг және 50 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» №448-НҚ бұйрығына  сәйкес келесі дәрілік заттардың тіркеу куәлігі кері қайтарылсын:

1) «Лайленон, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 25 мг», ҚР-ДЗ-5№121954, тіркеу куәлігін ұстаушының атауы «Гранд Медикал Групп АГ», Швейцария;

2) «Лайленон, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 50 мг», ҚР-ДЗ-5№121955, тіркеу куәлігін ұстаушының атауы «Гранд Медикал Групп АГ», Швейцария.

Негіздеме: «Гранд Медикал Групп АГ» өкілдігінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі №25 хаты.

Дата публикации
23 февраля 2026