«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Абай облысы бойынша Департаменті» (әрі қарай – Департамент) РММ-і «Медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу туралы кейбір шешімдерді кері қайтарып алу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2025 жылғы 18 ақпандағы №120-НҚ бұйрығының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитет төрағасының 2026 жылғы 18 ақпандағы № 116-НҚ бұйрығы негізінде келесіні хабарлайды.
«Медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу туралы кейбір шешімдерді кері қайтарып алу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитет төрағасының міндетін атқарушысының 2025 жылғы 18 ақпандағы №120-НҚ бұйрықтың күші жойылды.
Осы хаттың қосымшасына сәйкес медициналық бұйымдардың қолданылуы қалпына келтірілді.
Негіздеме: Ақмола облыстық сотының, «Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 22 қаңтардағы № 1199-25-00-4а/220 қаулысы.
Кері қайтарып алуға жататын медициналық бұйымдарды тіркеу туралы шешімдерінің тізбесі
|
№ |
Мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерінің № |
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Тіркелген күні |
Медициналық бұйымдардың атауы |
Өндіруші, мемлекет |
|
1 |
N071549 |
ҚР-МБ (ММБ)-0№027695 |
14.02.2024
|
Натрий хлориді ерітіндісі 0,9%, стерильді |
«Шортандинская центральная районная аптека №9», Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан
|
|
2 |
N071550 |
ҚР-МБ (ММБ)-0№027696 |
14.02.2024
|
Стерильді, тазартылған дистилляцияланған су |
«Шортандинская центральная районная аптека №9», Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан
|
|
3 |
N071545 |
ҚР-МБ (ММБ)-0№027691 |
14.02.2024 |
«Сутегi асқын тотығы 3%» антисептикалық құралы |
«Шортандинская центральная районная аптека №9», Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан |