№104-НҚ Бұйрық «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасының міндетін атқарушының 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 66-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2026 жылғы 11 ақпандағы «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасының міндетін атқарушының 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 66-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» №104-НҚ осы бұйрыққа сәйкес келесіні хабарлайды:

«Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасынының міндетін атқарушының 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 66-НҚ бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Тоқтатыла тұруға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесінде:

реттік нөмірлері 3, 8, 9, 11, 12 және 15-жолдары алынып тасталсын.

Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2026 жылғы 2 ақпандағы № 25-06-154/121, № 25-06-156/121 және 2026 жылғы 6 ақпандағы № 17-06-189/315, «Медокеми ЛТД» Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 15, ҚР-дағы «FARMAPRIM SRL» («ФАРМАПРИМ СРЛ») фирмасының өкілдігінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 2, «CEPHEUS Medical» ЖШС-нің 2026 жылғы 2 ақпандағы № 01/5121, «АЛДИМЕД» ЖШС-нің 2026 жылғы 3 ақпандағы хаттары.

 

Қалпына келтіруге жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесі

№ п/п

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Дәрілік заттың атауы

Өндіруші, ел

1

ҚР-ДЗ-5№121700

Архимакс, вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1000 мг

Медокеми Лтд, Кипр

2

ҚР-ДЗ-5№023458

Вегапенем, инъекция немесе инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 500 мг

Анфарм Хеллас С.А., Грекия

3

ҚР-ДЗ-5№023459

Вегапенем, инъекция немесе инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1000 мг

Анфарм Хеллас С.А., Грекия

4

ҚР-ДЗ-5№002319

Диклофенак, ректальді суппозиторийлер, 100 мг

ФАРМАПРИМ ООО, Молдова

5

ҚР-ДЗ-5№018605

Диклофенак, ректальді суппозиторийлер, 50 мг

ФАРМАПРИМ ООО, Молдова

6

ҚР-ДЗ-5№023652

ДИНАПАР AQ, инъекцияға арналған ерітінді, 75мг/мл

Тройкаа Фармасьютикалс Лимитед, Үндістан

 

 

 

Дата публикации
13 февраля 2026