№90-НҚ Бұйрық «ГЛИТЕЙК (Тейкопланин), » дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы»

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2026 жылғы 9 ақпандағы «ГЛИТЕЙК (Тейкопланин), вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат еріткішімен жиынтықта-инъекцияға арналған су, 400 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» №90-НҚ осы бұйрыққа сәйкес «ГЛИТЕЙК (Тейкопланин), вена ішіне және бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат еріткішімен жиынтықта-инъекцияға арналған су, 400 мг», ҚР-ДЗ-5№020987, тіркеу куәлігін ұстаушы «Киевмедпрепарат ЖАҚ», Украина, дәрілік заттың тіркеу куәлігі кері қайтарылғаны  туралы хабарлайды.

Негіздеме: «Торговый дом Фармамед» ЖШС-нің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № ЗТ-2026-00193325 өтініші.

Дата публикации
10 февраля 2026