№89-НҚ Бұйрық «Изоптин® (Верапамил), »  дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы»

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Абай облысы бойынша Департаменті»
(әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2026 жылғы 09 ақпандағы №89-НҚ «Изоптин® (Верапамил), үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 40 мг»  дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» бұйрығына сәйкес:

- «Изоптин® (Верапамил), үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 40 мг», ҚР-ДЗ-5№013857, тіркеу куәлігін ұстаушы «Абботт Лабораториз ГмбХ», Германия, дәрілік заттың тіркеу куәлігі кері қайтарылды.

Негіздеме: «Абботт Казахстан» ЖШС-нің 2026 жылғы 20 қаңтардағы № ЗТ-2026-00209468 өтініші.

Дата публикации
10 февраля 2026