«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Абай облысы бойынша Департаменті»
(әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2026 жылғы 09 ақпандағы №88-НҚ «Нименрикс® A, C, W-135, Y серотоптарындағы менингококтік инфекцияға қарсы конъюгацияланған вакцина, инъекцияға арналған лиофилизацияланған ұнтақ еріткішімен жиынтықта, 0.5 мл/доза» балк-өнімнің тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» бұйрығына сәйкес:
- «Нименрикс® A, C, W-135, Y серотоптарындағы менингококтік инфекцияға қарсы конъюгацияланған вакцина, инъекцияға арналған лиофилизацияланған ұнтақ еріткішімен жиынтықта, 0.5 мл/доза», ҚР-БП-5№122126, тіркеу куәлігін ұстаушы «Пфайзер Инк», АҚШ, балк-өнімнің тіркеу куәлігі кері қайтарылды.
Негіздеме: Pfizer Export B.V. (Пфайзер Экспорт Би.Ви.) компаниясының Қазақстан Республикасындағы филиалының 2026 жылғы 30 қаңтардағы № ЗТ-2026-00393016 өтініші.