№ 62-НҚ Бұйрық «Дәрілік заттың медициналық қолданылуын тоқтата тұру және қолданыстан алып тастау туралы»

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы «Дәрілік заттың медициналық қолданылуын тоқтата тұру және қолданыстан алып тастау туралы» №62-НҚ осы бұйрыққа сәйкес «Эдлис,Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 20 Миллиграмм,4 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамада. 1 пішінді қаптамадан картон қорапшада.» ҚР-ДЗ-5№025726 Эдж Фарма Прайвет Лимитед, ҮНДІСТАН өндіруші, ABE503  сериясы ,  сақтау мерзімі 02.2028 ж. дәрілік заттың медициналық қолданылуы тоқтатыла тұрғаны және қолданыстан алып тасталғаны туралы хабарлайды.

Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2026 жылғы 26 қаңтардағы  № 26-13-216/И  хаты және 2026 жылғы 20 қаңтардағы № OP-1028/25 сынақ нәтижелері.

Дата публикации
02 февраля 2026