«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Абай облысы бойынша Департаменті» (әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және «Медициналық бұйымның сериялары (партиялары) медициналық қолданылуын тоқтата тұру және қолданыстан алып қою туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Төрағасының міндетін атқарушысының 2026 жылғы 27 қаңтардағы №61-НҚ бұйрығы негізінде келесіні хабарлайды.
«Ауыстырылатын кассеталары бар хирургиялық тігетін эндоскопиялық СЕАА, СЕАВ степлері: Эндоскопиялық степлерге арналған ауыспалы кассеталар CADD-60ENTS» ҚР-ММБ-5№020318, өндірруші Би. Джей. Зед Эйч. Эф. Пантер Медикал Эквипмент Ко., Лтд., ҚЫТАЙ, сериясы 241010031, сақтау мерзімі 09.10.2029 ж. медициналық бұйымының сериялары (партиялары) тоқтата тұрылды және қолданыстан алынды.
Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 26-14-181/И шығыс хаты және 2026 жылғы 16 қаңтардағы № OP-1091/25 сынақ нәтижелері.