«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Абай облысы бойынша Департаменті» (әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және «Дәрілік заттың медициналық қолданылуын тоқтата тұру және қолданыстан алып тастау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Төрағасының міндетін атқарушысының 2026 жылғы 27 қаңтардағы №60-НҚ бұйрығы негізінде келесіні хабарлайды.
«Энцифер, Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді, 2 г/5 мл,5 мл шыныдан жасалған ампулада. 5 ампуладан поливинилхлоридтен және алюминий фольгадан жасалған ұяшықты қаптамада. 1 ұяшықты қаптамадан картон қорапта.» № ҚР-ДЗ-5№022929 Эмкьюр Фармасьютикалс Лтд., ҮНДІСТАН өндіруші, ELF8AM5017 сериясы, сақтау мерзімі 05.2028 ж. дәрілік заттың медициналық қолданылуы тоқтата тұрылды және қолданыстан алып тасталсын.
Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 26-14-180/И хаты және 2026 жылғы 19 қаңтардағы № OP-941/25 сынақ нәтижелері.